Өнім туралы

«Наринэ» дегеніміз не?

lactobacillus acidophilus гр.Еp-2 штамм 317/402 қышқыл сүйгіш сүтті қышқылды бактериялардың таза дақылдарымен ашыту арқылы майы мен құрғақ заттары бойынша қалыптанған, стерильденген сиыр сүтінен жасалған өнім. өнімнің жағымды қышқыл сүтті дәмі мен иісі бар, түсі ақсарыдан бастап ақшыл сарғыш түске дейін. " НАРИНЭ " өзінің бірегей биологиялық формуласының арқасында медицинада көптеген пробиотиктер ретінде кеңінен пайдаланылады.
Толығырақ...

«Наринэнің» қандай пайдасы бар?

«НАРИНЭ» қышқыл сүйгіш сүтті қышқылды лактобактериялары ағзаның өмірлік қызметін қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады және дисбактериоздан және де оның барлық салдарынан, соның ішінде қайталама иммунодефициттер мен созылмалы шаршау синдромдарынан арылу үшін пайдаланылады.
Толығырақ...

«Наринэ» ересектер үшін

Кешенді қабынуға қарсы әрекетке ие, ағзаны тазарту үрдісін қарқындатады, тағамдық және дәрілік заттардың, антибиотиктердің жанама әрекетін бейтараптандырады, вирусқа қарсы және ракқа қарсы қорғаныста анықтайтын фактор болып табылатын өзіндік интерферон шығаруды ынталандырады, ағзаның иммундық жүйесін қалпына келтіреді, өзі зиянсыз, бірақ қатты әрекет ететін антибиотиктік заттардың айтарлықтай санын өндіреді.
Толығырақ...

«Наринэ» балалар үшін

«Наринэ» қышқыл сүтті сусынының 1 литр құрамында 27г бастап 37г дейінгі түрлі ақуыздардың (казеин, альбумин, глобулин) бактерицидті қасиеттеріне ие лецитиннің нақты мөлшерімен 30г бастап 45г дейін сүт майы бар. Өнімнің ақуыздық заттары өмірге маңызды аминоқышқылдарға бай, соның ішінде лизин және метионин. Метиониннің құнды физиологиялық маңызы ағзадан пиридинді және басқа циклдік қосылыстарды шығаруға және залалсыздандыруға септігін тигізу болып табылады. "НАРИНЭ" В топты дәрумендерге, хош иісті заттарға бай. Соның арқасында балалар үшін биологиялық толық тағам өнімі болып табылады.
Толығырақ...

қайда сатып алуға болады?

Бізді келесі калаларда таба аласыз:

Өз қалаңызды таңдап алыңыз

Толығырақ