«Наринэнің» қандай пайдасы бар?
"Наринэ" түпнұсқалық өнімін дүкендеріміздің таңымал йогурттарымен салыстыру 24.kz телеарнасынан ("Осторожно, импорт!" бағдарламасы және сарапшылардың шешімдері төмендегі бейнероликте келтірілген).
Ағзаның өмірлік қызметін қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады және дисбактериоздан және де оның барлық салдарынан, соның ішінде қайталама иммунодефициттер мен созылмалы шаршау синдромдарынан арылу үшін пайдаланылады. Өте төзімді, ішекте тамаша сіңіп, көптеген антибиотиктердің, химиотерапевтік препараттардың әсеріне берік. Олар патогендік және шартты-патогендік микроағзалардың (дизентерия, іш сүзек, сальмонеллёз, патогенді ішек таяқшалары, стрептококтар, стафилококтар, протея және басқа қоздырғыштары) кең тобына қатысты жоғары антагонистік белсенділікке ие, оларды ішектен шығарып, өзіндік қалыпты микрофлораны (бифидум және лактобактериялар), сонымен қатар кез келген этиологияда ішек-қарын жолының қызметін дұрыстап, ішек моторикасын қалпына келтіреді.
Майлардың, ақуыздардың, көмірсулардың қорытуына және сіңуіне септігін тигізетін өмірге маңызды аминоқышқылдар, ферменттер қатарын шығарады және бөледі. Жоғары дәрумен түрлендіретін қасиетке ие, ағзада дәрумендерді (B1, B12, C, E, P, никотин және фолий қышқылдары, биотин, тиамин, рибофлавин) синтездейді; сүт майынан бауырды артық майдан сақтайтын лецитинді синтездейді; сүтті органикалық қышқылдармен байытады, кальций, темір және басқа микроэлементтердің қорытылуын арттырады; қандағы гемоглабин деңгейі мен лейкоциттер санын дұрыстайды да лейкоцитарлы улануды төмендетеді; зат алмасуды қалпына келтіруге септігін тигізеді, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын арттырады.