Наринэ "Жак"
ЖАК "НАРИНЭ" – бұл стерильденген сүттегі қышқыл сүйгіш микроағзалардың белсенді концентраты.
- Таза салмағы: 200 гр
- Майлылығы: 2,5%
- Қышқыл сүтті микроағзалардың саны – 109 КОЕ/г
Қаптаманы ашудың алдында шайқаңыз.
Тоңазытқышта +4 ±2 °C температурада – 7 тәулік сақтаңыз.
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
ЖАК "НАРИНЭ" қысқа мерзімде ішек-қарын ауруларын емдеу үшін қолданылады.
Емнің тиімділігіне кепілдік беретін аз мөлшерлер: ересектер үшін 100 мл бойынша күніне екі рет; балалар үшін: бір жылға дейінгі – әр тамақтанудың алдында 1 шай қасық бойынша, бір жылдан бастап 5 жасқа дейінгі – әр тамақтанудың алдында 1 асханалық қасық бойынша. Асқа дейін немесе тамақтанудың алдында 15-20 минут бұрын қабылдаған жөн. Емдеу мерзімі 20 күн.
ЖАК "НАРИНЭ" пародонтты емдеу үшін қолданылады. Қызыл иекке ЖАК-қа толығымен малынған тампондарды 30 - 35 минутқа салады. Емдеу курсы 10 - 15 күн. Түрлі гинекологиялық ауруларда ЖАК тампон ретінде түнге тәулігіне 1 рет қолданылады. Емдеудің ұзақтығы 15 күн. ЖАК "НАРИНЭ" тері қабынғанда, сонымен қатар косметикалық маска түрінде сыртқа қолданылады.
Үлкен мөлшерде қолдануда шектелмеген, ол тек қана тұтынушының татымы мен қалауымен анықталады. Өйткені ЖАК "НАРИНЭ" медициналық препарат емес, тағам өнімі болып табылады.